ШЫМКЕНТТЕ «QAZ ЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНІНІҢ ТАҒЫ БІР НҮКТЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Шымкент қаласында жыл басынан бері 2 «Әлеуметтік дүкен» ашылған болатын.
Мемлекет басшысының «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов шаhарда әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырған еді.
⠀
Осы мақсатта қалада азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында «Әлеуметтік дүкендер» санын арттыру үшін ірі шаруашылықтың бірі — мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» ШҚ-на айналымға 200 млн теңге қарыз қаражат беріліп, келісімшарт түзілген.
⠀
Бүгін аталған келісімшарт аясында Нұрсәт шағынауданы, Назарбеков көшесі 12/5 мекенжайында «QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінің екінші нүктесі жұмысын бастады. Әлеуметтік дүкенде ет өнімдері белгіленген бағада сатылатын болады.
⠀
Алдағы уақытта шаруа қожалық халқы тығыз орналасқан аймақтарда жыл соңына дейін 2 әлеуметтік дүкен және 4 жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда нүктелерін іске қосуды жоспарлап отыр.
Әлеуметтік дүкендер санын арттыру, бағаны тұрақтандыру шаралары қала әкімінің тікелей қадағалауында тұрғанын айта кетейік.