ШЫМКЕНТТЕ КӨГАЛДАНДЫРУ, КҮТІП-ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында «Build Stroi» ЖШС тарапынан жасыл желектерді отырғызу және көгалдандыру, күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, аудан аумағындағы №1 автожол, С.Жандосов, Ж.Аймауытов және Елшібек батыр көшелерінің бойындағы ағаштарға санитарлық қырқу, жасыл екпелерді суғару, шөп ору жұмыстары атқарылды.
Т.Рысқұлов, Сайрам және Жібек жолы көшелеріндегі гүлдер мен газондарды суғару, шөптерін тазалау, «18», «15» шағынаудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы ағаштарға санитарлық қырқу, қоқыстардан арылту жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының күнделікті қадағалауында.
