ШЫМКЕНТТЕ «АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЗАМАНАУИ ТҮРЛЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Қала прокуратурасы жергілікті қылмыстық қудалау мен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасын іске асыруда.
Алаяқтық қылмыстармен күрес шараларының нәтижесінде қаламызда бұл қылмыстардың тіркелу көрсеткіші 43% төмендеді, оның ішінде интернет-алаяқтығы 73% азайды.
Алаяқтық қылмысымен күрес тобының жедел әрекет етуінен, бұл қылмыстарды ашу көрсеткіші 65%-ға артса, оның ішінде интернет алаяқтығының ашылуы тіпті 600%-дан асты.
Сонымен қоса, қала прокуратурасы тіркелген істерді зерделеу нәтижесінде кейбір адамдардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып халықты алдап жүргенін анықтаған. Егер өткен жылы қайтарымсыз грант және атаулы әлеуметтік көмек алу мемлекеттік бағдарламасы мәселелерімен 273 адам алаяқтардың құрбаны болған.
«Барлық істер ашылды, биылғы жылы 2 іс сотта қаралуда. Тіркелген істермен жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Интернет алаяқтығының көпшілігі «Инстаграм, Колеса, ОЛХ, Крыша» әлеуметтік парақшалары мен «Каспи», «Еуразия», «Халық» интернет банкингтерін қолдану арқылы жасалынған. Мұндай жағдайда азаматтар кез келген оңай ақша табу жарнамаларына алданбауды, түсініксіз жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу арқылы тексеруді және барлық жарнамаларға, әсіресе өздерін Банк қызметкеріміз деп таныстырғандарға күмәнмен қарауы керек», — деді Жандос Досанов.