ШЫМКЕНТТЕ ACIBADEМ ТҮРІК КЛИНИКАЛАР ЖЕЛІСІНІҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ
ACIBADEM клиникасы 1991 жылы Түркияда негізі қаланған. Клиника желісі ең кең ауқымды қызметтердің арқасында Түркия және шетелде танымал және құрметті брендке ие.
Клиника заманауи құрал-жабдықтар мен медицина саласындағы онкология, нейрохирургия, кардиология ауруларды диагностикалау, трансплантациялау және емдеуге бағытталған.
Клиникалар желісі денсаулық сақтау бойынша 5 елде (Түркия, Нидерланды, Македония, Болгария және Сербия) қызмет көрсетеді.
Бас аяғы 22 клиника, 18 медициналық орталық, 3000 төсек-орны бар.
Медициналық орталықта 23 000 адам оның ішінде 4 000 дәрігер және 4 200 медбике жұмыс істейді. Жыл сайын 5 миллион адамға медициналық қызмет көрсетеді.
Қазіргі уақытта Acıbadem Healthcare Group диагностика мен емдеуді A класындағы медициналық көмек стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Айта кету керек, клиникалар жұмысының жоғары сапасы Joint Commission International (Joint Commission International халықаралық денсаулық сақтау саласындағы сапалы мекеме болып табылады. Штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан, 22 000-нан астам денсаулық сақтау ұйымдары мен бағдарламаларын аккредитациядан өткізеді. Халықаралық филиал медициналық қызметтердің сапасын тәуелсіз сарапшылар тобы мұқият тексергеннен кейін бүкіл әлемнен медициналық қызметтерді аккредиттейді) алтын белгісімен расталады.
ACIBADEM клиникалары инновациялық медициналық технологияларды пайдалана отырып, барлық медициналық салаларда, оның ішінде онкология, органдарды трансплантациялау, эстетика, ЭКҰ, нейрохирургия, ортопедия, кардиология, гинекология, спорттық медицина және т.б. қызмет көрсетеді.
Түркиядағы клиника мамандары:
- Профессор, м.ғ.д., Мемет Озек
Балалар нейрохирургі
- Профессор, м.ғ.д., Энис Озяр
Радиациялық онколог
- Профессор, м.ғ.д., Ахмет Аланай
Ортопедия және травматология
- Профессор, м.ғ.д., Гюлюз Өзтүрк
Балалар гематологы
- Профессор м.ғ.д., Джихан Урас
Жалпы және кеуде қуысының хирургиясы
Шымкент ашылған өкілдік.
ACIBADEM өкілдігі бас клиника мамандарынан хат-хабарларды алуға мүмкіндік беретін өкілдік ретінде жұмыс істейтін болады. Кеңсе қызметкерлері медициналық құжаттарды аударуға көмектесіп, дәрігерлермен онлайн конференциялар ұйымдастырады, ал жергілікті тұрғындар екінші медициналық қорытындыны тегін ала алады. Әлемге әйгілі 3500 дәрігердің біріне Шымкенттен (елден) шықпай-ақ жазылуға болады.
Бұл AСIBADEM клиникасының Қазақстандағы екінші өкілдігі. Біріншісі Алматыда 2016 жылы ашылған. Осы уақыт ішінде 100 мыңнан астам қазақстандық клиникада сәтті тексерістен өтіп, ем алған.
Тәжірибеде ерекше күрделі дерттері бар науқастар да болған. Дәрігерлердің біліктілігі мен жоғары технологиялардың арқасында барлық пациенттер емдеу сапасы мен нәтижелеріне алғыс білдірген.
Шымкент қаласындағы AСIBADEM компаниялар тобы
Instagram: acibadem.russian
Республика даңғылы 10.