ШЫМКЕНТТЕ 56 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН 12 КАНАЛ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ
Шымкент қаласында ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 12 канал, 339 ирригациялық жүйелері қоқыстан тазартылды.
Шымкент қаласының 5 ауданы бойынша 30 су басу қаупі бар учаскесі анықталған. Су басу қауіпі бар аумақта 50 көше орналасқан. Ағымдағы жылы қаңтар айында жалпы 5 ауданнан 63 мың текше метр қар қауіпсіз жерге шығарылды.
2023 жылдың ақпан айында және 12 наурызда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көшелердегі су басуды жоюға 100-ден астам техника, 400-ден астам жеке құрам және 78 мотопомпа жұмылдырып, жаңбыр суы жиналған орындарда 154 рет су сору жұмыстарын жүргізді. Жалпы 11500 текше метр су шығарылып, 2000 дана құмдалған қап қойылды. Үйлерге су кіру фактілері тіркелген жоқ.
Жалпы 40 мың дана қапшық дайындалып, оның ішінен 5 ауданға 20 мың қап бөлінді. Бүгінгі таңда аудан әкімдіктері тарапынан жеткізілген құмды қаптау жұмыстары жүргізілді. Дайындалған қаптар әр ауданның су басу қауіпті орындарына жақын жерлерге жиналды.