ШЫМКЕНТТЕ 5 МЕКТЕПТЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабында орналасқан №107 мектеп 1985 жылы қолданысқа берілген. Бүгінде білім мекемесінің едендері көнеріп, электр жүйелері жарамсыз жағдайға жеткен. Сынып бөлмелерінде санитарлық нормаға сай ауыз суының болмауы да өзекті мәселенің бірі. Ауласындағы асфальті үгітіліп, әбден тозығы жеткен. Жоғарыда аталған ақауларды жою үшін жөндеу жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталыпты.
Ал, жөндеу жұмысынан кейін едендер жаңысына ауысып, есік алдына кіреберіс салынады. Электр желілері ауыстырылып, әр сыныпқа ауыз су тартылады. Сонымен бірге, мектеп ішіне әжетхана жұмыс істейді және ол орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Одан бөлек, сметалық жобада оқу ғимаратының шатырын ауыстыру, сыртқа қабырғаның барлығын арнайы материалмен қоршау және спорт алаңын жаңарту жұмысы қаралған.
Жөндеу жұмысы қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстардың 60 пайызы атқарылған. Сондай-ақ, Қаратау ауданы Қызыл су тұрғын алабының Гулистан көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аумақтағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.
Гулистан көшесінің 2-кезеңі атауы жоқ көшенің соңына дейінгі аралықты қамтиды. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 2,7 шақырым, ал ені 5 метр. Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, 2 кезеңіндегі жалғасы КХ-41 автомобиль жолының атауы жоқ көшеге дейінгі аумақты алып жатыр. Ұзындығы 2,1 шақырым болатын көшенің орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 3-кезеңге сәйкес жұмыстар КХ-41 автомобиль жолынан атауы жоқ көшеге дейінгі аралықта жүргізілуде. Көшенің ұзындығы – 2 шақырым, ені-5м. Қазіргі таңда асфальтбетон жамылғысының 1 қабаты төселіп, жұмыстың 80% аяқталды. Екінші қабатын төсеу жұмыстары маусым айының соңына жоспарланған. Мұрат Әйтенов орташа жөндеу жұмыстары аяқталған бірнеше көшені аралады. Соның бірі — Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесі. Көшенің ұзындығы — 2,7 шақырым, ал ені — 5 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген. Жалпы биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшенің жұмыстары күзге дейін аяқталады деп күтілуде.