ШЫМКЕНТТЕ 269 АДАМҒА «ҚАНДАС» МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

Қалада жыл басынан бері 269 адам «қандас» мәртебесін алды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37 адамға артық.

Алыс-жақын шетелдерден көшіп келген тұрғындар «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығында 6 ай бойы мемлекеттік тілді үйреніп, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау шаралары бойынша көмектер алады. Осындай бейімдеу қызметтері қазір 50 шақты мүшесі бар 18 отбасыға көрсетілуде.

Айта кетейік, қоныс аударғандардың басым бөлігі — ТМД елдерінен. Өзбекстан Республикасынан — 260, Ресейден – 5, Қырғызстаннан – 1 және Қытайдан – 3 адам көшіп келген.