ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ ТЕГІН ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСУДА

Бүгінде өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен түрлі форматта іс-шаралар өткізілуде.

Орталықтың аудандық бөлімдерінде ашылған үйірмелерге жыл басынан бері 400 –ден астам жас қатысуда.
Шымкент жастары ағылшын тілі, IT-бағдарламау, дебат, вокал, үстел теннисі, домбыра және гитара, «Just dance», «Өмірлік дағылар» жастар психологиясы, «Модельдік сән», «Актерлік шеберлік», «Бес асық» үйірме түрлеріне ақысыз қатыса алады.