ШЫМКЕНТ: САЙЛАУ КҮНІ ТҰРҒЫНДАР АВТОБУСТА ТЕГІН ЖҮРЕДІ

2023 жылдың 19 наурызында өтетін сайлауға байланысты қалалық қоғамдық көліктерде Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін тасымалданады.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен және Орталық сайлау комиссиясының Қаулысымен 2023 жылғы 19 наурызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалды.