ШЫМКЕНТ: ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов бастаған арнайы топ өкілдері Шымкент-Ташкент бағытындағы «Оңтүстік айналма жолының» құрылыс барысын аралап көрді.

Оңтүстік айналма жол-құрылысының (Ленгер тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін) мерзімі 2021-2022 жылдарға жоспарланған.

Құрылыстың бас мердігері — «Корпорация Береке-А» ЖШС.

Жол-құрылысының ұзындығы — 16 шақырым. Қазіргі таңда көпір өткелі құрылысы, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда.

Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол-құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бұл орайда жалпы 91 жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару қажет.