ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛҒАН

Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, тұрғындардың ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,9% құрап отыр. Ауданда ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 100% құрайды.

2022 жылы «Сәуле» шағын ауданы мен «Жаңабазар» көшесінде қалып кеткен 40-тан астам үйге ауыз су тарту бойынша «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп, тұрғындарға пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, «Текесу» елді-мекенін ауыз су жүйесімен қамту жұмыстарын мердігер мекеме «Жаңару» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізіліп аяқталды.