ШЫМКЕНТ: ЕРТЕҢ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Халықаралық Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында 2023 жылғы 1 наурызда сағат 10:00-де азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі.

Тексеру барысында Шымкент қаласының құлақтандыру жүйесі іске қосылады.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электрдабылдардың қосылу кезінде жасайтың іс-қимыл қағидаларын еске салады.

Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
• радио және теледидарды қосыңыз;
• шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
• берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз:
• көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
• берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Барлық іс-шаралар болуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қандай да бір қауіпті факторларының орын алуы немесе туындау қатері және «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!»дабылы бойынша іс-қимыл тәртіптері туралы хабардар болуына бағытталған.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын жаттығу өткізу кезінде үрейленбей, тыныштық сақтауды сұранамыз.