ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ЕКІНШІ РЕТ АҚПАРАТТЫҚ-ТУРЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Шымкентте биыл екінші рет ақпараттық-турлар ұйымдастырылады. Бұл ақпараттық-турлар «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен өтеді. Аталған іс-шараға қазақстандық және шетелдік туризм индустриясының өкілдерін тарту жоспарланған. Инфотурлардың негізгі мақсаты – БАҚ өкілдері мен блогерлер, шет елдік қонақтардың көмегімен қаламызды кеңінен насихаттау. «Visit Shymkent» өкілдері мұндай турлар Шымкентке жаңа туристерді тарту, қаланың туристік имиджін арттыру, шетелдік туркомпаниялармен шарт жасасуға мүмкіндік беретінін айтады. 2022 жылы өткен инфотурға жалпы саны 70 адам, оның ішінде журналистер, тревел-блогерлер, туроператарлар мен шет елдік (Өзбекстан, Қырғызстан, Италия, Ресей Федерациясы және Түркия) қатысқан. Нәтижесінде Шымкент қаласы туралы мақалалар Түркия және Италия елдерінің ақпараттық журналдарында жарияланды. Сондай-ақ, Шырайлы қалаға Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен трансшекаралық маршруттармен саяхаттайтын шетелдік туристер саны артқан. Турға қатысқан блогерлердің парақшаларындағы бөліскен ақпараттары 1 миллионнан астам қаралым жинаған. Осы жылы бұл көрсеткіштерді 2 есеге арттыру көзделіп отыр. Қазіргі таңда «Visit Shymkent» орталығының мамандары әуекомпанияның борттық журналдарында Шымкент қаласы туралы мақалалар орналастыруды жоспарлаған. Жауапты сала өкілдері бұл бастама туристік әлеуетті жарнамалап, қаланың оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді дейді.