Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімдігі мен құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі өтті
Брифингке Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары Сәрсен Құранбек, Айдын Кәрімов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Алексей Колосков, Қаржы мониторингі агенттігі Шымкент қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Санат Кулбаев, Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Бақберген Құралбаев және БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжіліс барысында қала әкімінің орынбасары Айдын Мейрамбекұлы Шымкент қаласындағы бюджеттік жоспарлау және оған енгізілген өзгерістер, бөлінген қаржының жоспарлануы туралы түсініктеме берді.
Сондай ақ, БАҚ беттерінде жарияланған мемлекеттік сатып алуларға қатысты заң бұзушылықтар орын алды деген жалған ақпараттарға түсініктеме беріліп, мемлекеттік сатып алу тәртібі мен оларға қойылатын критерилер тәртібі айтылды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Қиял әлемі» саябағын бұзу жолымен қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлыда ресми түсініктеме берілді.