ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ ТАРАПЫНАН 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2024 жылы атқарған жұмыстары спорт саласының дамуында маңызды рөл атқарды. Қалада жалпы 35 спорттық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 73 спорт түрі дамытылуда. 2024 жылы қаладағы спорт инфрақұрылымы одан әрі жақсарып, қала тұрғындары мен спортшылар үшін түрлі мүмкіндіктер ашылды. Спорттық мекемелердің жалпы саны 855 бірлікке жетіп, олардың ішінде 568 дене шынықтыру спорттық мәндегі нысандар мен 34 спорт мектебі бар. Орталық су-спорт кешені мен Спорт Сарайы сияқты маңызды нысандар пайдалануға берілді. 2024 жылы спорттық залдар мен спорттық кешендер саны 83 бірлікке артты, ал жеке спорт нысандарының құрылысы жалғасын тапты. Мысалы, Еламан спорт кешені, «SPORT LIFE» кіші футбол орталығы, «Шахматшылар үйі» сияқты жаңа нысандар ашылды. Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін спорттық инфрақұрылым жетілдірілді.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Саменбекұлы баяндады.