Шымкент қаласында Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда орындарының тізімі

Шымкент қаласында Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда орындарының тізімі

 

Қала аумағындағы барлық «Мagnum Cash & Carry» және «GraMad Retail» сауда желілерінде. Сондай-ақ тізім бойынша.

  1. «Qaz Et» дүкендер желісінде (Республика даңғылы №11, 27 пәтер. Нұрсәт, Назарбеков көшесі №12/5, Шаяхметов көшесі нөмерсіз, Назарбаев көшесі №22, 18 ш/а Рысқұлов №4) сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі, 1 кг 2350 теңге).
  2. «Маркет-2» (Шымсити №9), «Маркет-3» (Асар-2, №12б).
  3. «Сұлу» сауда үйі, бірінші қабаты ет сату бөлімі (Сайрам тұрғын алабы, Ибрагим ата көшесі № 45/5). Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі, 1 кг 2350 теңге).
  4. Ет сату дүкендер желісі (Төреқұлов көшесі №99, Мангельдин көшесі №33, Сайрам тұрғын алабы, Әл-Фараби көшесі нөмірсіз үй, Ю.Сареми көшесі көшесі нөмірсіз үй, Шаяхметов көшесі №2 үй).
  5. «Қайнар құс» (Темірлан тас жолы,Сайрам көшесімен Безделева көшесінің қиылысы, «Қырғы» базар, Бәйдібек би №10/11, әр жұма күні «Қайнар бұлақ» саяжайында өтетін жәрменкеде, әр сенбі күні орталық стадионда Мәделі Қожа №1 өтетін жәрменкеде және «Мagnum Cash & Carry» және «GraMad Retail» сауда желілерінде) тауық еті, сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік.
  6. Әр сенбі күні орталық стадионда өтетін (Мәделі Қожа №1) жәрменкеде АӨК «КазКомАгро» тауық I санатты жұмыртқасын бір данасын 50 теңгеден сатады.
  7. Күн бағыс майын өндіруші жеке кәсіпкер «Урунбеков М.П.», «Мұзтау» (Мұзтау көшесі №56) және «Айдана» дүкендерінде (Асар №157/4) күнбағыс майын (1 литр 580 теңдеген) сатады.  

 

  Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі 

 

«Shymkent «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамынан қарыз алу үшін өтінімде кәсіпкерлік субъектісінің деректерін, қарыз сомасын, өткізу орындарын, қарызды (кепілді) қамтамасыз ету туралы мәліметтерді және т.б. көрсету қажет.

Өтінішпен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде жеңілдетілген қарыз беру үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсыну керек (тізбе қоса беріледі).

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама, шаруа немесе фермер қожалығы үшін жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар);

2) Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есебі бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

3) Екінші деңгейдегі банктерде мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама;

4) Шартқа қол қою үшін қарыз алушының өкіліне уәкілетті құжаттар (сенімхат, бұйрық);

5) жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама (жылжымайтын мүлік ауыртпалыққа берілген жағдайда);

6) жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп.

Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат пен құжаттар сұратылуы мүмкін (өтініш берушінің қаржылық жағдайы, кредиттік тарихы және т. б.)

Кәсіпкерлік субъектісіне қарыз беру туралы шешімді Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия қабылдайды.

 

Өтінім қолма-қол Бәйдибек би даңғылы 126/1, «Қайнар» бизнес орталығы.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ға дейін). Байланыс нөмірі 8(7252) 39-20-22. 

 

 

 

р/н Тауардың атауы
1 Бірінші сортты бидай ұны
2 Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
3 Рожки (өлшеніп салынатын)
4 Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
5 Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
6 Картоп
7 Асханалық сәбіз
8 Басты пияз
9 Ақ қауданды қырыққабат
10 Ақ қант – құмшекер
11 Күнбағыс майы
12 Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
13 Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
14 Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада
15 Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
16 Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
17 Тауық жұмыртқасы (I санатты)
18 Ac тұзы («Экстра» -дан басқа)
19 Сүзбе: майлылығы 5-9%