ШЫМКЕНТ: 70-ТЕН АСА АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Биыл Шымкентте 73 азамат қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Оның ішінде көпбалалы отбасылар-17, ерекше бала асыраушы отбасылар – 54, толық емес отбасылар саны- 2. Қазіргі таңда тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау жүргізілуде.
Қайтарымсыз 1 миллион теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.
Сертификатқа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үй алған азаматтар банктен мақұлдау алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу барысында өтінім жолдай алады.
Өтініш www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады.