ШЫМКЕНТ: 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде 11 мыңнан астам орын бөлінді

Шымкент қаласында 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде 11 704 орын бөлініп отыр, деп хабарлайды oninfo.kz білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қалалық білім басқармасының дерегінше, 2021 жылы техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау ұйымдарын мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан 11 427 студенттің 3 725-і аталған оқу жылы бітірген. Нәтижесінде 2 466 студент жұмысқа орналасқан. 2022 жылы 37 колледжде 36 006 студент білім алды. Оның ішінде мемлекеттік колледж – 11, студент — 14 130, жекеменшік колледж – 25, студент — 20 831. Мемлекеттік тапсырыспен білім алушылар саны – 12 800. Атап айтар болсақ, 11 181-і мемлекеттік, 1505-і жекеменшік колледждерде білім алуда. Бөлінген мемлекеттік тапсырыстың 87 пайызы техникалық, технологиялық және қызмет көрсету салаларының үлесінде болады.

Оның ішінде, бөлінген мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 8 193 орынға 9-сынып бітірушілері қажетті мамандықтар бойынша тегін оқумен қамтылады. Биылғы жылғы жасалған өзгерістерге байланысты колледждерде 1200 орынға кәсіпорындардың тікелей қажеттілігіне орай нысаналы гранттар бөлінеді. Мемлекеттік тапсырыстың көлемі соңғы 3 жылда 14%-ға өсіп отыр. Бүгінгі таңда дуальді оқыту форматын жүзеге асырылатын мемлекеттік колледждер саны — 8. Қамтылған студенттер саны – 2260-ды құрайды (11,3%). 100 кәсіпорынмен 1 201 шарт пен келісім жасалды, оның шеңберінде түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдамадан өтеді.

Колледждің негізгі серіктестері «Авто-Маркет» ЖШС, «Дара Сервис» ЖШС, «Агро Спец монтаж» ЖШС, «Базис-К» ЖШС, «Промгражданстрой» ЖШС, «Связьмонтажстрой» ЖШС, «Transtelecom» ЖШС, «Қазпошта» ЖШС, «Қазақтелеком» ЖШС, «Энергопоток» ЖШС, «Civil Industrial Project Group» ЖШС, «ditel Шымкент қаласындағы 11 мемлекеттік колледждің 8-і техникалық және технологиялық бағытта кадрлар даярлаумен айналысады. Колледждерде кадрлар даярлау өңір экономикасының маңызды салалары бойынша 75 мамандық және 166 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.