«Шығармашылдық пен жаңашылдық – дамудың кепілі!»
Түркістан облысының “Ауыл” партиясының активі Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында ауыл тұрғындарының, қоғамдық бірлестіктер мен мекеме басшыларының қатысуымен «Шығармашылдық және жаңашылдық» тақырыбында кездесу өткізді.
Жиынды өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы жүргізіп, елімізде жүзеге асырылып жатқан жаңашылдық бағытындағы жұмыстарға кеңінен тоқталып, жан-жақты түсіндіріп өтті.
— Биыл өздеріңізге мәлім “Ауыл” партиясына 25 жыл толып отыр. Өңірде осы бағытта біршама игі жұмыстарды атқарып келеміз. Ел Президентінің бастамасымен цифрлық жүйе жұмысы қарқынды жасалуда. Алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстар баршылық. Барлық жаңашылдыққа сіздерді де белсенді қатысуға шақырамын,-деді Т.Қалмұратов
Кездесу барысында еңбек ардагері Чилингаров Яша ағамыз елде болып жатқан жаңашыл өзгерістердің куәсі екенін айтып, бүгінгі жастардың ізденімпаздығына ризашылығын білдірді.
Жиналыс соңында Төрегелді Оразалыұлы жиынды қорытындылап, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, еңбек ардагерлерін және жас кәсіпкерлерді «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерекелік төсбелгілерімен және облыстық мәслихат депутаты Маликова Гүлшат Мелдеханқызы, Мақтаарал аудандық мәслихат депутаты Бексұлтан Абзал Ермаханұлы мен Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Мырзабеков Ерболат Қалдарұлы ҚР Парламенті мәжіліснің депутаты, “Ауыл” партиясының төрағасы Серік Рахметоллаұлы Егізбаевтың Алғыс хаттарымен марапаттады.
