«ШАРДАРА ТҰҚЫМБАҒЫ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бағдарламасы аясында және облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойы мен Қала күніне орай «Шардара тұқымбағы» жобасының ашылу салтанаты өтті.
Жаңа экологиялық бастама сәндік және декоративті ағаш көшеттерін өсіруге бағытталған. Салтанатты шараға Шардара қаласының әкімі Олжас Айдосов қатысып, жиналған қауымды жаңа жобаның іске қосылуымен құттықтады.
Өз сөзінде қала әкімі табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы бұл жобаның маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды қоршаған ортаны көгалдандыру ісіне белсенді қатысуға шақырды.
«Шардара тұқымбағы» жобасы бірнеше бағытты қамтиды:
-
Экологиялық тұрғыдан — жергілікті өсімдік түрлерін көбейту арқылы табиғатты қорғауға және жасыл аймақтарды кеңейтуге мүмкіндік береді;
-
Агрономиялық тұрғыдан — өңірдің климаттық ерекшелігіне бейімделген сапалы көшеттерді өсіруге жол ашады;
-
Әлеуметтік тұрғыдан — аудан тұрғындары мен жастар арасында экологиялық сана мен еңбек мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл бастама — Шардараның жасыл келбетін қалыптастырып, табиғатты аялауға бағытталған маңызды жоба. Алдағы уақытта тұқымбақ аудан аумағын көгалдандырумен қатар, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қоспақ.