ШАРДАРА: РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛДІ

25-қазан Республика күні мерекесіне орай, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен патриот жастар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты жасөспірімдердің патриоттық сезімін шыңдау және балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану.
Байқауға қала, ауыл округтеріндегі 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысып, өзін-өзі таныстыру, патриоттық бағытта жазылған ақын, жазушылардың өлеңдерін жатқа айту және патриоттық бағыттағы салынған суретті қорғау бойынша бақ сынады.
Шара барысында әділқазы алқалары бекітіліп, байқаудың ашып беру үшін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов сөз сөйлеп, жастардың патриоттық бағыттағы тәрбиесіне тыңғылықты көңіл бөлу керек екендігін атап өтті.
Бәсекеге толы болған байқаудың Бас жүлдесін Шардара мектеп-лицейінің оқушысы Аяжан Нұрмұхаммад жеңіп алды. І-орын С.Каттабеков мектебінің оқушысы Құралай Иманбай иеленді. Ал, ІІ-орын Ақалтын мектебінің оқушысы Ажар Өмірбекке еншілесе, ІІІ-орын М.Әуезов мектебінің оқушысы Аяулым Бакир және А.Әлімбетов мектебінің оқушысы Тұрғанай Оңғарбекке бұйырды.
Шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, жүлдегерлерге арнайы Дипломдар табысталып, қатысушылардың баршасына ынталандыру сыйлықтары берілді.