ШАРДАРА: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР ЖӘНЕ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНДІРУ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ
Шардара ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековтың тапсырмасына сәйкес, аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау мақсатында ауданға жеңілдетілген тыңайтқыш, жанар-жағармай жеткізуге, тұқымдық шит, ағын сумен қамтамасыз етуге, су үнемдеу технологияларын енгізуге қарастырылатын субсидиялық жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдаулар бойынша мәселелерді түсіндіріп, талқылау мақсатында мәжіліс өтті.
Жиынға Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасарлары Е.Құралбеков, Ж.Жолдасбеков пен тиісті басқарма қызметкерлері, сонымен қатар, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жауапты қызметкерлері, ауыл әкімдері, ауыл округтері әкімдіктерінің салаға жауапты мамандары, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері қатысты.
Мәжілісте Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Құралбеков тыңайтқышқа, мақта шитіне бөлінетін бөлінетін субсидияның мөлшерін, сонымен қатар ең өзекті маңызды мәселе болып отырған су үнемдеу технологиясын ендіруге қарастырылатын субсидияны, сонымен қатар дәстүрлі ағын су құнына 40 пайыз, су үнемдеу технологиясы енгізілсе 85 пайыз көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілетінін және басқада жеңілдіктер жайлы айтып, шаруалардың ұсыныстарын тыңдап, ортаға салды. Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімін өткізуге жәрдем беру, госагро.кз порталы арқылы өтінім беру, насосбен су алу тарифінің қымбат болуына байланысты арзандатуға ықпал ету, «Қазфосфат» арқылы сатып алынған аммофос тыңайтқышының субсидия мөлшері, егістік алқаптарды тегістеп жатқан лазерлі тегістегішке субсидия мөлшерін көбейту мәселесі, ауданда қайта құрылымдаудан өткізіліп жатқан тік дренаждардың жағдайы, яғни істелініп жатқан жұмыстардың кемшілігі, су үнемдеу технологиясын ендіруге субсидия мәселесі, жекеменшік каналдар бойында орналасқан шаруалардың «Қазсушар» РМК мекемесімен келісім-шартқа отыру мәселесі, бау-бақша егуге арзандатылған несие бөлу секілді мәселелер бойынша шаруалардың ұсыныстары мен сұрақтарына облыстық басқарма басшылығы тарапынан жауап беріліп, талқыланды. Сонымен қатар аталған мәселелер бойынша жоғары уәкілетті органдарға ұсыныс берілетіндігін жеткізді
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі