СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН ШЫМКЕНТТІКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Шымкент қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Бұл Серік Жұманғариннің шымкенттіктермен соңғы жарты жылдағы екінші кездесуі. Ал, бірінші кездесуде бизнес өкілдері олардың бизнесінің толыққанды дамуына кедергі келтіретін көптеген маңызды мәселелер көтерілді.
Кездесу барысында Серік Жұманғарин Үкіметтің халық пен кәсіпкерлерді қолдау аясындағы шаралары туралы хабардар етумен қатар, қарашадағы бірінші кездесуде айтылған мәселелер бойынша жұмыстың іске асырылу барысы туралы есеп берді.
Соның ішінде өңірлерде жиі көтерілетін мәселе жүн мен тері экспортына кедендік жеңілдіктер туралы сөз қозғалды.
«Бұл мәселе әртүрлі өңірлерде, ШҚО-да, Астанада қой шаруашылығымен айналысушылармен кездескен кезде бірнеше рет көтерілді», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Серік Жұманғарин жақында осы мәселе бойынша шешім қабылданғанын айтты.
«22 ақпанда ведомствоаралық комиссияның отырысында жүнге ЭКБ нөлдік мөлшерлемесін ұзарту мәселесі мақұлданды. Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысын алғаннан кейін СИМ өздеріне қатысты кедендік әкету баждары қолданылатын тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу бойынша барлық қажетті рәсімдерді жүргізеді. Жұмыста тағы бір маңызды мәселе — жергілікті қамту үлесі бөлігінде «Самұрық-Қазына» қорының мемлекеттік органдары мен компаниялары сатып алған жеңіл өнеркәсіп тауарларына СТ-KZ тауарларының шығу сертификаттарының болуы. Бұл мәселемен СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті айналысады. Комитет Қордың сатып алуларына талдау жүргізіп, ықтимал сәйкессіздіктерді анықтап, оларды жою жөніндегі шараларды қормен пысықтап жатыр», — деді ол
Өткен жылдың қараша айында оңтүстік өңірлердің кәсіпкерлері Еуропа елдеріне өнім экспорттау үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының еурокодты аккредиттеу және алу процесін жеделдетуді сұраған болатын. Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселемен өте тығыз айналысатынын түсіндірді.
«Жақында Брюссельге сапары аясында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева еуропалық комиссарлармен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде биыл 15 наурызда ресми түрде балық жеткізушілердің тізімін жаңартуға қол жеткізілді. Франция мен Швейцариямен қазақстандық балық өнімдерін сатып алуға коммерциялық уағдаластықтар қолда бар. Қазіргі таңда балық шаруашылығы өндірушілердің аудит жұмыстары аяқталуда. Бұл шара бал, сүт ет өнімін өндіретін экспортерлерін реестрге енгізу жұмыстарын бастауға ықпал етпек«, — деді министр.
Екінші кездесу барысында қала тұрғындары мен кәсіпкерлері астық тасымалдау, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау, Қазақстанның батыс немесе шығыс өңірлеріне тауарларды жеткізу үшін оңтүстік өңірлер өндірушілерінің көлік шығыстарын субсидиялау мүмкіндігі, ел ішіндегі қазақстандық тоқыма бұйымдарының бәсекеге қабілеттілігі және т.б. мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, «Отан-Агро» ЖШС басшысы Берік Орынтаев жылыжайларды субсидиялау мәселесін көтерді.
«Бүгінде республиканың өнеркәсіптік жылыжайларының негізгі үлесі Шымкентте шоғырланған. Маусымаралық кезеңде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жылыжай шаруашылықтарының жағдайын нашарлатады. Коммуналдық қызметтер үшін жылыжай төлемдерінің 50% субсидиялауға бола ма?», — деп сұрады ол.
Серік Жұманғарин Үкіметтің жылыжай шаруашылықтарын қолдау шаралары жөніндегі жұмысы туралы айтып берді.
— Ақпан айында мен Түркістан облысының Сарыағаш және Мақтаарал аудандарында болдым, қыста қалыптан тыс суық ауа райы және қардың көп болып түсуі, көмірдің жетіспеушілігінен жылыжайлар зардап шекті. — Өңірде 2 миллионнан астам адам тұрады және мемлекеттің басты міндеті — өндірістерді, жаңа жұмыс орындарын дамыту үшін барынша жағдай жасау. Жылыжай шаруашылықтарын қолдауға субсидиялар бөлу туралы шешім қабылданды. Қазір жылыжайлар үшін ұлттық стандарт әзірленуде, ол бекітілгеннен кейін жылыжай шаруашылықтарына субсидиялар бөлу мүмкіндігі үшін заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады. Көмір бойынша жақында Шұбаркөл көмір қорының басшылығымен жылыжайларға көмірді тікелей биржа арқылы, дилерлердің көмегімен сату мүмкіндігі бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондықтан бұл мәселе жақын арада шешіледі деп ойлаймын, — деді Серік Жұманғарин.
Айта кетейік, бизнес-қоғамдастықпен кездесуден кейін Серік Жұманғарин азаматтарды жеке қабылдап, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.