САЯСИ НАУҚАНДА БӘРІМІЗ ДЕ АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗДЫ ОРЫНДАЙЫҚ!

Саяси науқан басталғанда үміткерлермен қатар бақылаушылар деген топ атқа қонады.
Олардың басты міндеті — сайлаудың әділ, әрі шынайы өтуіне ат салысу.
Бәріңізге белгілі 2022 жылы өткен ҚР Президенті сайлауында тәуелсіз бақылаушылардан құралған «Baqyla» республикалық қоғамдық қозғалысы құрылды.  Олар Президент сайлауында еліміздің әрбір өңірін қамтып, жұмыс істеді. Алғашқы жауапты сайлауда жинаған тәжірибелерін алдағы ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауда көрсетуге дайын. Қазіргі таңда әрбір өңір бойынша жауапты өкілдері, топ жетекшілері мен жүздеген бақылаушылары бар.
Атап айтар болсақ, Шымкент қаласында «Baqyla» ұйымы өз жұмысын жүргізуде. Еліміздегі сайлау процесінің ашық өтуіне үйрететін бұл мектептің болашағы зор болмақ.
Әділдік пен шынайы өтуді бәріміз бүгіннен өзімізден бастайық!
Сайлаушылар, өз таңдауларыңызды жасаудан қалмаңыздар!