САУРАНДА ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ
Бүгін Сауран ауданында «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақпараттық мәдениет – кітапханашы, оқырман, кітап» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті. Шараға Облыстық мәдениет және туризм басқармасының Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің маманы Нұрдәулет Сұлтанбек, «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова және 17 аудан-қаладағы кітапхана делегациялары қатысты.
Сұлтанбек Нұрдәулет Келдібекұлы 06.05.1997 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ін 2014-2018 жж. Тарих мамандығы бойынша тәмамдады.
Шараның ашылуында басқарма өкілі Нұрдәулет Келдібекұлы слеттің маңызына тоқталып өтті. Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова аталмыш шараға модератор болып, жалпы облыс кітапханалары туралы, сонымен қатар ондағы күрделі мәселелер мен даму жағдайы туралы атап өтті. Сондай-ақ кітапханашының қоғамдағы орны мен беделіне тоқталды.
Шара барысында түрлі тақырыпта аудан-қаладан келген өкілдері баяндама жасап, атқарылған жұмыстар тыңдалды. Сонымен қатар алдағы жоспарлар таныстырылды. Келелі мәселелер қозғалып, ұсыныстар берілді. Тренинг негізінде ойындар ойнатылды. Кітапхана басшысы негізгі жиыннан соң бірқатар кітапханашыларға алғыс хат табыстады. Шарадан соң слетқа қатысушыларға “Укаша ата” кесенесіне зиярат ұйымдастырылып, ас берілді.