Сауран ауданының әлеуметтік қолдау шаралары аппараттық жиында қаралды

Бүгін Сауран ауданы әкімінің аппаратының кезекті апталық мәжілісі өтті. Жиынды аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жүргізіп, оған тиісті бөлім басшылары, дербес бөлім қызметкерлері мен жауапты мамандар қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі — мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау және оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру болды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асылбек Дәуірхан баяндама жасап, қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Соның ішінде гигиеналық және техникалық көмек құралдарымен қамту, санаторлық-курорттық емдеуге жолдама беру, сондай-ақ протездік-ортопедиялық бұйымдарды ұсыну бағыттары ерекше аталды.

Жиында аудан әкімінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, тұрғындармен кері байланысты күшейтуге және әрбір бағыт бойынша нақты нәтижеге қол жеткізуге басымдық беру қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге, әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында тиісті бөлімдердің өзара үйлесімді жұмыс істеуі маңызды екені ескертілді.

Қатысушылар тұрғындарға көрсетілетін қызметтер сапасын жетілдіру, әлеуметтік бағдарламаларды кеңейту және оңалту саласындағы инновациялық әдістерді енгізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолдау көрсету бойынша жаңа жобалар мен бастамаларды іске асыру қажеттілігі де сөз болды.

Жиналыс қорытындысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, жұмыс барысын жүйелі түрде бақылауды міндеттеді. Ол мемлекеттік қызмет көрсетуді халықтың талаптарына сай жетілдіру, әлеуметтік қолдау шараларын кеңейту арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту басты міндет екенін тағы да бір мәрте жеткізді.