САУРАН АУДАНЫНДА «Kieli Tabigat» БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі мен Жастар орталығының мамандары еліміздің барлық аймағында жоспарланған «Kieli Tabigat» бүкіл әлемдік тазалық күні акциясында Т.Сүлейменов және Шаяхметов көшелерінің бойын арам шөптер мен қоқыс қалдықтарынан тазартуға атсалысып, белсенді қатысты.
Тазалық акциясы аясында Түркістан облысы, Сауран ауданының жергілікті тұрғыны Алихан Саматовта болды. Ол сол күні қолына күрек пен арба алып шығып, халықпен бірге «Kieli Tabigat» тазалық акциясына қатысты. Оның айтуынша, «әр сенбі болмаса да, әр ай сайын сенбілік тазалық акциясын өткізіп отыруды ұсынамын. Елдің таза болуы, халық қамы» — дейді Сауран ауданының тұрғыны.
Жалпы әр күн, әр ай тазалық күні, тазалық айы болуы тиіс. Туған өлкеміздің тазалығы сенбілік шараларымен шектеліп қалмауы керек. Сондықтан әрбіріңізді тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналамыздың ажарлана түсуіне үлес қосуға шақырамыз.