САУРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сауран ауданы әкімінің өкімімен Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы Сауран ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы 1981 жылы 23 қыркүйекте Түркістан қаласында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Экономика» және «Құқықтану» мамандығын тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы Түркістан қалалық білім бөлімінің есепшісі, (Бөлімге қарасты Сырдария, Ойық, Жалаңтөс, Көксарай, Игілік, Шоқтас, Шойтөбе бастауыш мектептерінің, Білім бөлімі аппаратының есепшісі) болып бастаған.

2007-2010 жылдары Түркістан қалалық білім бөлімінің бас есепшісі, 2010 жылы Түркістан қалалық білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясының бас маман-бас есепшісінің міндетін атқарушы, 2010-2012 жылдары Түркістан қалалық білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтерия бөлімінің бас маман-бас есепшісі қызметтерін атқарды.

2012-2017 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2017-2019 жылдары Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдары аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің «Туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Түркістан қаласы әкімдігінің «Урбанистика бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін уақытша атқарушы, «Qurylys Nurcity» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болды. Ал, 2021-2023 жылдары жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаты, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы қызметтерін атқарып келді.

Мақсат Асылбекұлы мемлекеттік қызметте жүріп, көптеген мемлекеттік наградалардың иегері атанған. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 және 30 жылдығы» мерекелік медалі, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Сонымен қатар, Түркістан қаласының 2015 жылдың «Жыл үздігі», 2016 жылдың «Үздік экономист» номинациясының иегері, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», 2022 жылы «Үздік мәслихат хатшысы» медалін иеленген.