Сайрамда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғаудың түрлі шаралары жүргізілуде
Бүгінде Сайрам ауданында мүгедектігі бар адамдарды қолдау шараларын оңтайландыру шаралары жүргізілуде. Сайрам ауданы бойынша бүгінгі таңда ҰОС ардагері — 1, ҰОСҚ мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар- 420, ҰОСҚ теңестірілген басқа санаттағы азаматтар саны — 371, батыр аналар-129, «Алтын алқа» иегерлері- 1220 адам, «Күміс алқа» иегерлері- 3010 адам, 1-2 дәрежелі Ана Даңқы орденімен марапатталған аналар — 351 адам және 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналар-12309 адамды құрайды. 2024 жылдың 1 шілде айына 10149 мүгедектігі бар адамдар есепке алынған, оның ішінде: І топтағы мүгедектігі бар адамдар – 817 адам, ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар – 3140 адам, ІІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар – 4347 адам және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 1845 адамды құрап отыр.
2024 жылға жергілікті бюджет есебінен 5713 жекеленген санаттағы азаматтарға 167537,0 мың теңге қаржы бөлінген. Мерекелік және даталы күндерге орай біржолғы және ай сайынғы әлеуметтік төлемдер жасалып 5527 жекелеген санаттағы азаматтарға 135514,0 мың теңгесі игерілді. 2024 жылдың 6 айында облыстық «Ардагерлер үйінде» 120, «Мейір» ардагерлер үйінде 180 жекеленген санаттағы азаматтар сауықтырылса, жергілікті бюджет есебінен «Күлпаршын» ЖШС-не 329 зейнеткерлер жолдамамен қамтамасыз етілді.
Түркістан облысындағы мүгедектігі бар адамдардың өмірі жыл сайын жақсарып келеді. Ол үшін жаңа бағдарламалар, қызметтер әзірленуде, жаңа бейімделу орталықтары ашылуда және басқа да көптеген істер атқарылуда. Мүгедектігі бар қазақстандықтарға қолдау көрсететін еріктілердің айтуынша, соңғы жылдары елімізде адамдардың өмір сүру сапасы тиісті деңгейге жетуі үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Мысалы, 2019 жылдың мамыр айында мемлекет 2025 жылға дейін мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды бекітті, соның арқасында үкімет өз азаматтарына техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін тегін ұсынады. Бірі мемлекет есебінен мүгедек арбасын алады, тағы бірінің сөйлеу процессорлары мен түрлі импланттары жаңартылады.
Мемлекеттің жоспарында мүгедек адамдардың құқықтарын қорғаудың заңнамалық негізін құру және ересектер мен балаларға қолайлы инфрақұрылым салу бар. Мүгедектігі бар қазақстандықтардың өздері түрлі сауалнамаларда атап өткендей, соңғы онжылдықта еліміздің мемлекеттік және қоғамдық мекемелерінде пандустар саны көбейді. Бұл бағытта әлі талай істер атқарылуы тиіс, бірақ бастысы – жұмыс басталды.Жалпы қазақстандық қоғам да қызмет көрсету ерекшеліктері бар адамдарға басқаша қарағанды қойды.Бірақ біздің адамдардың әлі де үйренуі керек жалғыз нәрсе – психологиялық даму ерекшеліктері бар балаларға түсіністікпен қарау. Оқу орындарында үшін ұжымға және оқу процесіне қосылу оңай емес.Бір қуантатыны, соңғы жылдары қазақстандық балалардың әлеуметтенуіне және толыққанды өмір сүруіне көмектесетін инклюзивті мектептер, туризм және үйірмелер пайда бола бастады, алайда аталған реформалармен қатар қоғамда әлі де шешілмеген проблемалар қалып отыр.