Құрметті, Отырар ауданының жастары!

«2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жаңа жоба аясында жастар тәжірбиесі бойынша жастарды 12 ай жұмыс жасауға шақырамыз. Бұл жоба арқылы жастар тәжірибесімен жолданған жастардың еңбек ақысы 103500 теңгені құрайды. Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері Отырар ауданы мансап орталығына келіп құжат тапсыра алады.
«Жастар практикасы» бағдарламасына диплом алғанына 5 жылдан аспаған, 35 жасқа толмаған, сол алған дипломмен жұмыс жасамаған жастар қатыса алатындығын хабарлаймыз.
Толық ақпаратты Шәуілдір ауылы Жібек жолы көшесі №66 мекен-жайында орналасқан Отырар аудандық мансап орталығынан біле аласыздар.
Орталықтың байланыс нөмірі: 87716004160