ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Өркен Балажанов ауданның белсенді жастарымен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған oninfo.kz ақпараттық агенттігі. Жиын барысында 1 қыркүйектен бастау алған Президенттік жастар кадр резервінің іріктеу кезеңдеріне тоқталып, ақпараттармен бөлісті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов ашып, жүргізіп отырды. Жобаның жастар үшін мемлекеттік қызметте өз әлеуетін іске асыру мүмкіндігі екендігін айта отырып, жастарды аса белсенділікпен қатысуға шақырды. Президенттік жастар кадр резервіне қызығушылық танытқан аудан жастары сауалдарын жолдап, жобадан қалыс қалмайтындарын жеткізді.