«ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ» ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Қазығұрт ауданы жастарына «Президенттік жастар кадр резервінің» талаптарын түсіндіру жиыны болып өтті. Атаулы жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Дархан Суртеков, аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Медеуов, аудан әкімі аппаратының басшысы Рашид Тұрғынбеков, аудан әкімі аппаратының, аудандық дербес бөлімдер мен ауылдық округі әкімі аппараттарының жас мемлекеттік қызметшілері, аудандық білім беру, медицина ұйымдарының жас қызметкерлері, жеке кәсіпкер жастар, аудандық мәслихаттың жас депутаты, ауданның белсенді жастарының өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Дархан Суртеков баяндама жасап, «Президенттік жастар кадр резервінің» талаптарын жан-жақты түсіндірді. Жиынға қатысқан ауданымыздың белсенді жастары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, бағыт бағдар берді.