ПАРТИЯНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға қала тұрғындары келіп, алдағы болатын Мәжіліс пен мәслихат сайлауы қарсаңында ұсыныстары мен талап-тілектерін білдірді.

Қоғамдық қабылдауға келген көп балалы аналар, негізінен, әлеуметтік саланың жұмысы мен мемлекеттік қолдауға қатысты ұсыныстарын айтып, көп балалы аналардың жағдайына баса нараз аудару керек екеніне тоқталды. Қала тұрғындарынан мұндай ұсыныстар мен талап-тілектер қабылдау алдағы уақытта да жалғасады.

Бүгінге дейін ұсыныстар мен талап-тілектер жинауға қатысты 4 қабылдау өтіп, жалпы саны 345 ұсыныс жинақталған.

Айта кетейік, 19 наурыз күні елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.