ОТЫРАРДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Отырар аудандық мансап орталығында «Еңбек күні» мерекесін атап өту аясында жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге аудан көлемінде орналасқан мемлекеттік және жеке меншік 22 заңды және жеке тұлғалар жұмыс беруші қатысты.
Отырар аудандық мансап орталығының директоры Амангелді Мұхит Амангелдіұлы «Осындай ұйымдастырылатын жәрмеңкелер жұмыс берушілер мен біз үшін де пайдасы зор. Себебі, жәрмеңке өткізу жұмыспен қамту шараларының жоспарын орындауға үлесін қосады» -деді. Жәрмеңкенің маңыздылығын айта отырып, іс-шараны ашып берді.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер жұмыс іздеушілерді бос жұмыс орындарымен таныстырды және мамандығына сәйкес үміткерлерді таңдап, бос жұмыс орындары ұсынылды.
Атап айтқанда, жәрмеңкеге аудандағы 22 мекеме қатысып, 44 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Сонымен қатар, жәрмеңке барысында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жоба аясында «Күміс жас», «Ақылы қоғамдық жұмыстар», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы», мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант және жастарға арналған 2,5% жеңілдетілген несие туралы кеңестер берілді.