Отырар ауданында Ұлттық жоба аясында жәрмеңке өтті
Отырар ауданында «Ұлттық жоба» шеңберінде мүгедектігі бар азаматтарға, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға, жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында «Шәуілдір ауыл округі аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратында тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге аудандық прокуратура өкілі, пробация қызметінің басшысы, жұмыс берушілер, жұмыс іздеушілер барлығы 54 азамат қатысты. Нәтижесінде жұмыспен қамту шараларына 9 азамат қатысып, оның ішінен тұрақты жұмыс орнына 3, уақытша жұмыс орындарына 6 азамат жолданды. Жалпы жұмыспен қамтылғандардың ішінен салалар бөлінісі ауыл шаруашылық саласы 1, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы 5, білім саласы 1, басқалар 2.
Сондай-ақ, «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде ұйымдастырылатын, субсидияланатын жұмыс орындары: жастар практикасы, алғашқы жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, күміс жас жобасына қатысу тәртібі түсіндіріліп, бағдарламаға қатысуға шақырылды.
Қосымша ақпараттар мен мәліметтерді «Отырар аудандық мансап орталығы» филиалынан біле аласыздар.