ОТЫРАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезекті алтыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Жансұлтан Сейтжанов, мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды аудандық мәслихаттың төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды. Сессияның күн тәртібінде аудандық мәслихаттың шешімдері мен бөлімдердің атқарған жұмыстарына қатысты жеті мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Есінбек, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Саттар Нәлібай, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Кизбайлар хабарлама жасап, атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттерге тоқталды.
Күн тәртібіндегі мәселелердің барлығы алдымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында жан-жақты пысықталып, талқыланғандықтан сессия барысында депутаттардың бірауыздан қолдауымен тиісті шешімдер қабылданды.