«ОТБАСЫ -ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ.

Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Үшқайық ауылдық округі, Теке ауылдық клубында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Сауран аудандық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Республика күні аясында “Отбасы- ұлт тірегі” тақырыбында отбасылық сайыс болып өтті.
Сайыс 5- кезеңнен қамтылды.
1 ”Менің отбасым -менің байлығым” — отбасын таныстыру.
2 “Отбасы құндылығы- ұлт болашағы” сұрақ-жауап
3.»Жүрек жылуы» (ата-аналарға арналған тренинг).
4..»Ұяда не көрсе- ұшқанда соны іледі»- ой толғау.Яғни баланың ата-анасының ойын тыңдау.
5 “Әнім сен едің…”-Өз өнерлерін көрсету.
Сайыста бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы екендігін баланың тұлға болып қалыптасуын мектеп, отбасы, жүрген ортасы қалыптастыратынын жеткізу, түсіндіру мақсат етілді.
Сайысқа отбасында 6- сынып оқушысы бар толық отбасылар Шаға ауылдық округінен Асанхановтар отбасы, Шорнақ ауылдық округінен Нарбаевтар отбасы, Үшқайық ауылдық округінен Қазыбековтер отбасы қатысып, бақ сынады.
Іс-шараға Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке, Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Дүйсенбекова, Сауран аудандық Аналар кеңесі төрайымы Н.Жұманова, Үшқайық ауылдық округінің әкімі М.Шалаев қатысып, қазылық етті.
Асанхановтар отбасында 7 ұл-қыз тәрбиеленіп жатқан үлкен шаңырақтың мүшелері толық қатысып, ата-аналарына, бауырларына деген өздерінің сүйіспеншілігін,қамқорлығын отбасындағы ынтымақ,бірліктерін көрсете білді.
Ал Нарбаевтар отбасы салауатты өмір салтымен қатар артындағы ұрпақтарына қазақи салт- дәстүрді жалғастырып жүрген спорт шебері аталары Оразбайдың жетістіктерін мақтан ете келе, ұлдарына ат жалын тартып мінер азамат болуын тілеп қамшы сыйлады.
Қазыбековтер отбасының отағасы өзінің жанды дауыста орындаған әнімен ерекшеленіп елдің ықыласына бөленді.
Отбасы құндылығын әрбір кезеңде көрсете білген жас отбасы:
Нарбаевтар 1- орын,
Асанхановтар 2- орын,
Қазыбековтер 3 — орынды иеленіп, көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады.
Қоғамда, мектепте немесе жоғары оқу орындарында болсын ата-ана тәрбиесінің орны ерекше.
Әкесінің қамқорлығын, анасының мейірімін толық сезінген бала ғана айналасына тек жақсылық жасайтынын осы іс- шарада сезілді.
Бір-біріне деген жүрек жылуын жеткізу міндеті тамшыдай болса да орындалды деп ойлаймыз.