ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ТЕСПЕ ЖӘНЕ ЫҚЫЛАСТЕМІР АУЫЛДАРЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округіне қарасты Теспе және Ықыластемір ауылдарына табиғи газ берілді.
Қос ауылдың көптен күткен қуанышына ортақтасуға Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Жалпы, Бөржар ауылдық округіндегі халықтың саны — 12 227 адамды құрайды. Оның ішінде Теспе ауылының халқының саны 600-ден, Ықыластемір ауылының халқының саны – 1000-нан асады.
Теспе ауылына газ тарту жұмысын «Texprom» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Тиісті жұмыстарға қаралған қаржының көлемі — 150 млн 726 мың тг. Абонент саны – 104-і құрайды. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 13,7 шақырым.
Ықыластемір ауылына газ тарту жұмысын «Нұрай құрылыс жолы» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Тиісті жұмыстарға 54 млн.887 млн.тг.қаралған. Абонент саны – 169-ы құрайды. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 6,9 шақырым.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданында 7 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Яғни, көрсеткіш 18,5% құрайды (22 876 адам).
Теспе және Ықыластемір ауылдарын қосқанда 9 елді мекенді құрайды. Осылайша, 2022 жылдың қорытындысымен 24 574 жеке тұрғын табиғи газға қол жеткізіп, көрсеткіш 19,6%-ға жетеді.
Жалпы, ағымдағы жылы Ордабасы ауданы бойынша 24 елді мекенде 28 нысан (газдандыру) құрылысы жүргізілуде. Барлығы 2023 жылға өтпелі. Келесі жылы 24 е/м іске қосылған жағдайда барлығы 69 952 адам (57,3%) табиғи газға қол жеткізбек.
