ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 80-НЕН АСТАМ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Бүгін Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылы мен Самал мөлтек ауданында коммуналдық тұрғын үйлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен 84 отбасыға пәтер кілттерін табыстады. Оның ішінде, көпбалалы отбасыларға – 17 пәтер, халықтың әлеуметтік осал тобына – 27 пәтер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына – 23 пәтер, мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлеріне – 9 пәтер берілді.
Сонымен қатар, бүгін жаңа үйлердің ауласында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, қонысқа көшкен тұрғындармен бірге тал көшеттері отырғызылды. Айта кетейік, қазіргі таңда Ордабасы ауданы бойынша тұрғын үй кезегіне 2 803 азамат тіркелген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі