Олжас Бектенов Антикордан кетіп, президент әкімшілігінің басшысы болды
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды», — делінген Ақорда таратқан жарлықта.
Осыған байланысты ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды.