Облыста 2169 мүгедектігі бар адамдар жұмыспен қамтылған

Түркістан облысында 2024 жылдың 1 шілдесіндегі жағдаймен нақты 2 169 мүгедектігі бар адамдар жұмыспен қамтылған. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың экономикалық дербестігі мен оларды сапалы жұмыспен қамту мәселесін қашан да басты назарда ұстайды.

Оған дәлел қазіргі таңда, еңбекке қабілетті жастағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жалпы санының 100 мыңы немесе 23,3%-ы жұмыспен қамтылуында болып отыр. Министрліктің мәлімдеуінше, 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 30%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.

Сонымен бірге мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы белсенді түрде қолға алынуда. Мәселен тек 2020 жылы аталған бағдарлама аясында 13 мың мүгедек азамат жұмысқа орналастырылып, 626 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға 830 өтеусіз грант және 350 микрокредит берілген.

Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кәсіптер атласы әзірленді. Оған сәйкес мүгедек адамдарды сұранысқа ие мамандықтар, оның ішінде IT мамандығы бойынша оқыту жүргізілуде .

Сол сияқты «Даму» қорымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатысуымен «Scale-up» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын 76 бизнес-жобаға қолдау көрсетілуде.

Бұған қоса мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін шешуде жергілікті әкімдіктер де атсалысып отыр. Мысалы өңірлік және орталық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мүгедек азаматтарды мемлекеттік қызметкерлер қатарына тарту жұмыстары қолға алынуда. Оған дәлел 2020 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша, мемлекеттік қызметке тартылған мүгедек азаматтардың саны 701-ге жеткен. Сондай-ақ олардың арасында 391 адамның Мемлекеттік басқару академиясының онлайн-курстарынан өткені белгілі болды.

Сондай-ақ, биылғы жылдан бастап республиканың барлық аймақтарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Ten Qоgam» әлеуметтік қолдау және жұмысқа орналастыру орталықтары ашылуда. Қазірдің өзінде мұндай орталықтар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ашылған.

Министрлік өкілдері облыстарда мүгедек азаматтарды жұмысқа орналастыру бағытында, белгіленген квоталарды орындау бойынша кәсіпорындармен белсенді жұмыс істеу қажеттігін де атап өтті. Себебі қазіргі күні кәсіпорындардың тек 36%-ы ғана заң талаптарына сай қызмет етуде.

2024 жылғы маусымда Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 94,4 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер – 88,9 мың түйіндеме орналастырды. Мамыр айымен салыстырғанда бос орындар саны 8,6 мың бірлікке (+10%) өсті, ал түйіндеме – 9,6 мың бірлікке (-9,7%) қысқарды.

Бос жұмыс орындарының жалпы өсуіне қарамастан, фермерлерге, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және көлік жұмысшыларына сұраныстың төмендеуі байқалды. Ұсыныс берушілер тарапынан ауыл шаруашылығы жұмысшылары мен өндірістік сектор операторларының түйіндемелері санының төмендеуі байқалды. Бұл ретте біліктілік бойынша сұраныс құрылымы өзгеріссіз қалды – орта білікті жұмысшылар ең жоғары сұранысқа ие болды (32,8 мың бос жұмыс орны немесе 37%).

Маусым айында білім беру (18,4 мың бос жұмыс орны), басқа да қызмет түрлері (16,4 мың бос жұмыс орны), денсаулық сақтау (8,9 мың бос жұмыс орны) және құрылыс (8,5 мың бос жұмыс орны) салаларының ұйымдары еңбек нарығында дәстүрлі түрде жоғары белсенділік танытты. Олардың үлесі орналастырылған барлық жұмыс орындарының жартысынан көбін құрады.

Өңірлік бөліністе Атырау (7 мың) және Жамбыл (6,7 мың бос жұмыс орны) облыстарының, сондай-ақ Астана (6,7 мың) және Алматы (6,2 мың бос жұмыс орны) қалаларының жұмыс берушілері белсенділік танытты. Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда Алматы және Атырау облыстарында бос орындар саны екі есе өскен, ал Астана қаласы мен Батыс Қазақстан облысында сұраныс керісінше төмендеді (тиісінше 13% және 16% — ға).

Түйіндеме санының артуы тек екі өңірде – Шымкент қаласында (+240 түйіндеме) және Атырау облысында (+58 түйіндеме) байқалды. Жұмыс іздеушілердің белсенділігі Батыс Қазақстан (-30% немесе 1,6 мың түйіндеме), Түркістан (-20% немесе 2,4 мың түйіндеме) және Солтүстік Қазақстан (-19% немесе 450 бос жұмыс орны) облыстарында азайды.

Маусым айында білікті қызметкерлер арасында ең танымал мамандықтар автокөлік жүргізушілері (1,7 мың бос жұмыс орны), медбикелер (1,6 мың бос жұмыс орны) және тәрбиешілер (1,5 мың бос жұмыс орны) болды. Бұл ретте PR-менеджерлерге (+1,2 мың бос жұмыс орны), іс жүргізушілерге (+948 бос жұмыс орны) және автоматтандыру инженерлеріне (+235 бос жұмыс орны) сұраныс артты.

Маусым айында жұмыс берушілер ең көп жалақыны бас құрылысшыларға (орта есеппен 662 мың теңгеден бастап), үңгілеушілерге (~612 мың теңге), сондай-ақ IT-қосымшаларды әзірлеушілерге (~563 мың теңге) ұсынды.

Жұмыс іздеушілер тарапынан басшылық лауазымдарға үміткерлерді қоспағанда, ең жоғары жалақыны өз түйіндемелерінде ұшқыштар (орта есеппен 1 млн теңгеден бастап), кеме капитандары (~933 мың теңге) және коммерциялық кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (~920 мың теңге) көрсетті.