«NUR OTAN»: ЖОЛ КАРТАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Н.Бұхарбай «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы 41 іс-шарасын қортындысы бойынша ел игілігі үшін пайдалануға берілген спорт алаңшаларының сапасымен танысып, Әл Фараби ауданындағы ойын алаңшасын ашты. 2021 жылы Әл-Фараби ауданында 27 аула толық абаттандырылды. Отырар 43, Әлімбетов 45В және Әлімбетов 45 Б аулаларында спорт және балалар алаңшалары салынып, ересектер мен жастарға арналған воркаут-аймағы, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар және қоқыс жәшіктері орнатылды.