Н.БҰХАРБАЙ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында баршаға қолжетімді спорт бағыты айқындалған.
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Бұхарбай Нұрғазы Бақтыбайұлы Л.Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысты.
 Мекеменің директоры Жақсықұлов Бақытжан Ержанұлы олимпиадалық дәрежедегі төреші, супервайзер, еліміз үшін спорт саласындағы еңбегі орасан зор азамат. Алдағы уақытта бұл мектептен талай рет көк байрағымызды көкке көтеретін чемпиондар шығары сөзсіз.
Халық қалаулысы аталмыш нысынның оқу-жаттығу базасы заман талабына сай еместігін, және осы бағытта қажетті спорт жабдықтарын жаңартып, спортшыларға жағдай жасау қажеттігін ескертті.
 — «Дене шынықтыру еліміздің әрбір азаматының өмір салтының ажырамас бөлігіне айналуы керек. Алдағы уақытта қаламыздағы барлық спорт кешендерінде ерекше қажеттіліктері бар ересектер мен балалар үшін спортпен шұғылдануға жағдай жасалады», — деді Н.Бұхарбай.
✅ «Nur Otan» партиясы спортты дамытуды, салауатты өмір салтын насихаттауды қолдайды.