«МИЛИЦИЯ ДА КЕЛМЕДІ…». МАҚПАЛ ЖҮНІСОВА ӨЗІН БІРЕУДІҢ ЗОРЛАМАҚ БОЛҒАНЫН АЙТТЫ
Мақпал Жүнісова осыдан 27 жыл бұрын өз тыңдарманынан зәбір көрген.
Бұл туралы ол Астана телеарнасындағы «Ел аузында» бағдарламасына берген сұқбатында айтты.
Бұл оқиға Оңтүстік Қазақстан облысында болыпты. Жергілікті танысының үйінде отырғанда сырттан ер адам келіп, жас әншіге тап бермек болған. Оны тек жабық есік қана құтқарып қалыпты.
«Есікті теуіп: «Аш. Мен қазір сені зорлаймын» дегенге дейін барды ғой. Есі ауысқан біреу. Сосын Ұлболсын апайдан мұның кім екенін сұрадым. «Ойбай, Мақпал үндеме. Бұл қазір бізді өлтіреді, бауыздайды. Бұл осы жердің жындысы. Бұл ақыл-есі кем адамдар тізімінде тұрған адам. Бұдан бүкіл Жетісай қорқады» — деді.
Ана жігіттің бойы 2 метр, еңгезердей екен. Музыкантым бар еді. Соны көтеріп алып, лақтырып жіберген ғой», – деді Жүнісова.
Халық оны «Ерке қыз» деп атаса да, еркесін сол кезде ешкім қорғай алмапты. Тіпті полиция да.
Мені көріп: «Жаным-ай, алтыным-ай, мен сені ұзақ күтіп қалдым ғой» дейді. Мен шошып тұрмын андағы жерде қазір ұрып жібере ме екен деп. Сөйтіп, маған қарап тұрып:
«Қыздарыма автограф берші» деген кезде, мен не істерімді білмей қалдым.
Бәрі біткен соң Ұлбосын апай оның есі дұрыс емес екенін тағы айтып жатты. Сонда есі кетіп тұрған кезінде бізді пышақтап өлтіріп кетуі де мүмкін екен ғой», – дейді әнші.
kaz.365info.kz
сурет: today.kz