МЕН ӨЗ ТАҢДАУЫМДЫ ЖАСАДЫМ

 

Бүгін елімізде маңызды әрі тарихи күн өтіп жатқаны баршамызға аян. Халық өзгерісті күтіп отыр. Бүгінгі Референдум — осы өзгеріс пен жаңашылдықтың бастамасы. Ел президенті заң алдында бәрі тең болсын деп, келешек үшін өте маңызды қадам жасады деп санаймын. Саяси трансформация барлық адамның мүддесі үшін қажет. Ал, адам өзінің заңда көрсетілген құқықтарын қалай пайдаланады, ол оның ынтасы мен белсенділігіне байланысты.

Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу – әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Демократиялы елдердің ішінде Швейцарияны айтуға болады. Мәселен, бұл елдің азаматтары аймақтық және ұлттық деңгейдегі түрлі мәселелер бойынша референдумға белсенді қатысады. Олардың қатарында елдік маңызы бар, халық үшін пайдасын тигізер көптеген сұрақтар мен мәселелер бар.
Біз де осындай демократиялық, өркениетті жолды таңдаймыз. Мен де өз таңдауымды жасап референдумға қатыстым. Бұл менің азаматтық борышым!

КЕРІМБАЕВА НАРГИЗА АБАЙДУЛЛАҚЫЗЫ
Мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі