МЕН ОТАНДЫ ҚОРҒАЙМЫН

25 қазан – Республика күніне орай, Шардара қаласының «Абай» мәдениет сарайында «Мен Отанды қорғаймын» атты жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салу рәсімі өткізілді.
Отан алдындағы борышын өтейтін сарбаздар үшін «Мен Отанды қорғаймын» атты шарасы аясында құрмет көрсетіліп, мерекелік концерт өткізілді. Ондағы мақсат – жастардың Отансүйгіштік қасиетін ояту, әскери өмірмен таныстыру.
Шараға ауданымыздың жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сыныптар оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, ҚР әскери қызмет ардагерлері, соғыс ардагерлері және сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Іс-шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов ашып, «Қазақстанның Қарулы Күштері Отан қорғаудың жаңа заманға сай институтына айналғанын, Әскер қатарына шақырылып отырған болашақ сарбаздар болашақ ұрпаққа үлгі болатынына сенемін», — деп, ақ жол тіледі.
​Сонымен қатар, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, подполковник Жұманов Ербол Жанұзақұлы жастардың әскери қызметтегі алғашқы қадамдарымен құттықтап, тілегін білдірді.
Келесі мерекелік сөз кезегі Ауған соғысының ардагері Сәтбаев Қылыш пен Тәжік-Ауған жеріндегі қақтығыстарға қатысушылардың төрағасы Қосаев Дәндібай ағаларымыз ортаға шығып, ақ батасын беріп, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы отырған жігіттер антына адал болып, бір жылдан соң отбасына аман-есен оралуына тілектес екенін білдірді.
Бүгінгі шарада патриотттық әндер шырқалып, Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген жастар алғыс хатпен марапатталды.