МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫ БАСТАДЫ

 

2025 жылғы 1 сәуірден бастап ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы құжат қабылдауды бастады. Өтініштер онлайн режимде «Admission» жүйесі арқылы 25 маусымға дейін қабылданады. Биыл магистратураға – 120, докторантураға – 12 мемлекеттік грант бөлінген.
Академия 9 магистрлік және 3 докторлық бағдарлама ұсынады. Биылғы жаңалық – «Цифрлық мемлекеттік басқару» (MDPA) бағдарламасының іске қосылуы. Ол цифрлық трансформация, ақпараттық қауіпсіздік және инновациялық шешімдер әзірлеу бағытында оқытады. Оған кемінде 3 жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар, цифрлық салада жұмыс істейтін мамандар қатыса алады.
Барлық магистратура бағдарламаларына қойылатын еңбек өтілі 3 жылға ұзартылды. Ал «MPA» бағдарламасына – 5 жыл, «MPP» бағдарламасына – 4 жыл талап етіледі. Ақылы бөлімде енді квазимемлекеттік сектор мен ведомстволық ұйым өкілдері де оқи алады. Бағдарламаларға нақты бейіндік талаптар енгізілді.
Іріктеу екі кезеңнен тұрады: 28 маусым – 1 шілде аралығында онлайн эссе, 8–23 шілде аралығында офлайн сұхбат. Нәтижелер 25 шілдеде жарияланады. Оқу 1 қыркүйекте басталады.
Академия студенттеріне ай сайын стипендия, шетел тағылымдамасы, ғылыми жобаларға қатысу, тәжірибелі мамандардан дәріс алу және арнайы жатақханадан орын ұсынылады. Қосымша ақпарат apa.kz сайтында және әлеуметтік желілерде қолжетімді.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/dcpeVtOiuas?si=ZoeREnWT8NZUPosa
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ