ТҮРКІСТАНДА «МЕЙІРІМДІЛІК ЖҮРЕКТЕН-ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ БІЛЕКТЕН» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Мырзахан Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі» ішінен ашылған инклюзивті білім беру қолдау ресурстық кабинетің мамандары мен білім беруді қажет ететін ерекше балалардың ұйымдастыруымен «Мейірімділік жүректен-қамқорлық жасау білектен» атты іс-шара өтті.
Инклюзивті білім беру – шексіз мүмкіндіктер сыйлайтыны жасырын емес. Барлық бала тең дәрежеде білім алуға, мектепке баруға лайықты. Олардың ертеңін ойлау арқылы, болашақтың іргесін қалайтын боламыз. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру жүйесі.
Іс-шара мақсатының мақсаты — балалардың жеке қасиеттерін дамыту, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу, көпшілік алдында, қоғамдық ортада ерекше балаларға қамқор болуға, қолдау жасауға, мейірімді болуға тәрбиелеу жолдарына бағытталды. Ерекше оқушылар ұйымдастырған шараға Түркістан қаласы адами әлеуетті бамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова арнайы қатысып, балаларға жүрек жарды тілегін арнап, мектеп ұжымына алғыс білдірді.
Шара аясында кабинет мамандары мен ерекше балалардың бірлескен шығармашылық жұмысы «Менің педагогикалық идеям» атты көрме таныстырылды. Бөлім басшысы концерттік бағдарламаны тамашалап, инклюзияны қолдау ресурстық кабинетімен танысты. Сонымен қатар, Оразкүл Шайхықызы белсенділік танытқан ерекше балаларды және кабинет мамандарын арнайы алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.