МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы және Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы Шымкент қаласындағы іс-сапары барысында Шымкенттегі замануи ең озық құралдармен жабыдықталған көз аурулары клиникасының жұмысымен танысты.

Кездесуге «Nur Otan» партиясы Абай аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бертаев, Абай ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Көшікбаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракция мүшелері М.Жолдыхожаев, Н.Балабиев қатысты.

Мұнда ем-дом шараларынан бөлек, ең күрделі деген 22 түрлі операция жасалады. Клиника негізі екі бөлімнен тұрады. Оның бірі лазерлеу, екіншісі консультативті-диагностикалық бөлім. Тәуліктік және күндізгі стационарды қоса есептегенде клиникада науқастар үшін 40-қа жуық төсек орын бар.
Клиникада жоғары білікті 21 дәрігер жұмыс істейді. Енді олардың қатысуымен көз ауруларына шалдыққан науқастар мен зағиптарға жылына 4 мыңнан астам оперция жасалмақ.