Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлық көрсету
Жетісай ауданында 2024 жылғы 1 жартыжылдығында «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметіне 78 өтінім, «Есту кемістігі бар мүгедектігі бар азаматтарға жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектігі бар азаматтардың құжаттарды ресімдеу» 163 өтінім берілді. «Мүгедектігі бар азаматтарды техникалық қосымша құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметіне (міндетті гигиеналық құралдарға – 1197, техникалық көмекші құралдарға – 148, тифлотехникалық құралдарға – 72, сурдотехникалық құралдарға — 29.
Бұдан бөлек, протездік-ортопедиялық бұйымдарға — 305 өтінім, кресло-арбаларға 48 өтінім берілді. Сонымен қатар, «Мүгедектігі бар азаматтарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметіне 765 мүгедектігі бар азаматтар өтінім білдірді. 2024 жылғы 1 жартыжылдықта жалпы 2564 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 2483 өтінім «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы тиісті көмектерін алды.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды, білім алуға қолжетімділікті және мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкіндіктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етіледі. Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар түріндегі төлемдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де, оның ішінде қайырымдылық есебінен берілетін төлемдерді де қамтиды. Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс беруші және өзге де ұйымдар көрсетуге құқылы.
Мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі қолданылады:
— әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түрінде мемлекеттік көмек және қолдау;
— өтемақы жоғалған ағза функцияларының, әлеуметтік оңалтуды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету жолымен және әлеуметтендіру деңгейін арттыру мақсатында, мүгедек адамдар жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтылады.
Оңалтудың техникалық көмекші құралдардың тізбесі заманауи сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды қоса (есту қабілеті бұзылған адамдарға веб-камерасы бар ноутбук, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, көру қабілеті бұзылған адамдарға дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар және т.б.) 55 түрі бар атаудан тұрады.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесінің бір бағыты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады
Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, оның ішінде қарт адамдарға, мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі көрсетіледі , оған 8 қызмет түрі кіреді.
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің бизнес-процесінің, сондай-ақ мүгедектікті белгілеуге байланысты қызметтердің өзгеруі жүргізілуде. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының іс-шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгіну қажеттілігін қоспағанда, ақпараттандырылған келісімімен белсенді форматта өтінішсіз 8 мемлекеттік қызмет көрсетілуі мүмкін.
Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін паспорттау және бейімдеу жолымен кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша белсенді шаралар қабылдануда және білім беруде жеңілдіктер ұсынылады.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың проблемаларын ұлттық деңгейде тиімді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005 жылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесін құрылды.
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге , қорғауға және дамытуға қосымша кепілдіктер жасады , сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтық реттеу мен практикалық қызметті одан әрі жетілдіру үшін бағдар болды.